
Өмірбаян
Ыханов Галимжан Шайыкович 1974 жылы 03 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінде дүниеге келген. 1981-1991 жылы Нартай ауылындағы №156 Нартай Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде білім алып,1992 жылы Алматы қаласының зоотехникалық малдәрігерлік институтының «Тұтыныс тауарларын тауарлау» факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы «Мал шикізатын тауарлаушы инженер» мамандығы бойынша бітірген.
1997-2000 жылдары Алматы қаласы Жетісу аяқ киім фабрикасында технолог маманы болып бастаған.
2000-2002 жылдары «Самат» жеке кәсіпкерлігінде оператор кассир маманы.
2003-2007 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман.
2009-2010 жылдары «Астана Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік корпорациясында таразбан маманы.
2011-2012 жылдары АФ «АБК Автодор АС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде әкімшілік-шаруашылық бөлімінің аға менеджері болып жұмыс атқарған.
2016-2019 жылдары Бестам ауылдық округі әкімі қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап Керделі ауылдық округі әкіміның қызметін атқарып келеді.