
Өмірбаян
Тұрабаев Мұрат Серікбайұлы 1978 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забелов ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2000 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылғы маусымда «Жітіқара ауданының Забелов ЖШС МТМ инженер-бақылаушы-механигі болып бастады және 2004 жылғы қаңтар айына дейін жұмыс істеді.
2004 жылдың наурызынан – 2006 жылдың қазанына дейін Жітіқара қаласы, «Қостанай минералдары» АҚ КПТҮ кіші механикаландыру учаскесінің тау-кен жабдығын жөндеу жөніндегі слесарі.
2007 жылғы наурыз-қазан аралығында «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ әскери есепке алу және брондау жөніндегі маманы.
2007 жылдың қазанынан – 2012 жылдың тамызына дейін «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бойынша бас маманы.
2012 жылғы тамыздан – 2015 жылғы наурызға дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының әкімі.
2015 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забелов ауылының әкімі.