Сералиев Нүркен Жарболұлы

    Арықбалық ауылдық округ әкімі

    Сералиев Нүркен Жарболұлы
    Аким

    Сералиев Нүркен Жарболұлы

    Арықбалық ауылдық округ әкімі

    Өмірбаян

    Сералиев Нүркен Жарболұлы 1981 жылы 23 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Құмжиек ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Қазалы ауданы, Құмжиек ауылындағы №92 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1998 жылы Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің 11 сыныбын аяқтады. 2003 жылы Қызылорда қаласындағы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «құқықтану» мамандығы, «Заңгер» біліктілігі бойынша бітірді.

    1998 жылы Ақтан батыр ауылында «Ақтан батыр» шаруа қожалығында жұмысшы, 2002-2003 жылдары Әйтеке би кентіндегі №170 қазақ орта мектебінде от жағушы, 2003 жылы «Шилі» шаруа қожалығында жұмысшы, 2003-2004 жылы «РЗА» АҚ-да жұмысшы, 2004-2007 жылдары Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының маман-юристконсульты, 2007-2010 жылдары Қазалы ауданының әділет басқармасының жетекші маманы, 2010-2011 жылдары Шиелі ауданының әділет басқарамысының жетекші маманы, 2011-2013 жылдары Қазалы ауданының әділет басқармасының бас маманы, 2013 жылы «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» ММ-нің құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі, 2013-2017 жылдары «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» ММ-нің құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары «Әйтеке би кенті әкімі аппарты» КММ-нің есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы,2018-2023 жылдары Ақжона ауылдық округінің әкімі,2023 жылдың наурыз айынан бастап «Қазалы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ заңгері, 2023 жылы «Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығы» КММ заңгері, 2024 жылдың 18 сәуірінен бастап «Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры,2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Арықбалық ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.