
Аким
Жусупов Алмат Амангельдыевич
Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Алмат Амангельдыевич Жусупов 1986 жылы 17 қазанда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққарға ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін агроном мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылғы шілде-қараша аралығында «Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ әдіскері болып жұмыс істеді.
2009 жылғы қарашадан – 2013 жылғы тамызға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механикаландыру және жаңа технологиялар бойынша бас маманы.
2013 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.