
Әкім
Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы
Ортақшыл ауылдық округі
Өмірбаян
Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы, 1976 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген.
Білімі — жоғары. 1993–1998 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс инженерлері институтын «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Үйленген.
- 2001–2002 жж. — Шиелі аудандық аумақтық басқармасының жүргізушісі;
- 2003–2005 жж. — «Несібе-жер» ЖШС инженері;
- 2007–2008 жж. — «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Қызылорда еншілес мемлекеттік кәсіпорнының технигі;
- 2008–2013 жж. — «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Қызылорда еншілес мемлекеттік кәсіпорнының инженері;
- 2013–2014 жж. — Шиелі кенті әкімі аппаратының жетекші маманы;
- 2014–2015 жж. — «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қызылорда филиалының МЖҚ АЖ (Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) бөлімінің бастығы;
- 2015–2016 жж. — «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қызылорда қалалық филиалының МЖҚ АЖ бөлімшесінің бастығы;
- 2016–2018 жж. — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
- 2018–2020 жж. — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда қаласы бойынша сарапшысы;
- 2020–2022 жж. — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы;
- 2022–2023 жж. — Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
- 2023–2025 жж. — Шиелі ауданының құрылыс бөлімінің әдіскері, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-нің жетекші маманы, сектор меңгерушісі;
- 2025 жылғы 05 қаңтардан 02 маусымға дейін — Шиелі кенті әкімінің орынбасары;
- 2025 жылғы 02 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін — Ортақшыл ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқаруда.