Нуржанов Марат Молдыбаевич

    Обаған ауылдық округінің әкімі

    Нуржанов Марат Молдыбаевич
    Аким

    Нуржанов Марат Молдыбаевич

    Обаған ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Нұржанов Марат Молдыбаевич 1964 жылы туылған, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданының тумасы.

    Ұлты - қазақ.

    Білімі - жоғары.

    1988 жылы Көкшетау медициналық училищесін оқып бітірген.

    1995 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетің оқып бітірген.

    Өз еңбек әрекетін 1988 жылы Қостанай облысының Ленин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының штатында санитарлық дәрігердің көмекшісі ретінде бастады.

    1991 жылдан бастап 1993 жылдың 16 тамызына дейін Қостанай облысы Ленин ауданы Абай ауылындағы Берлік орта мектебінде биология және химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

    1993-1994 жылдары Қостанай кеден «Обаған» кеден бекетінде инспектор болып жұмыс жасады.

    1994-1995 жылдары Қостанай кеден «Обаған» кеден бекетінде аға инспектор болып жұмыс атқарды.

    1995-2011 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Обаған» кеден бекетінің бас инспекторы қызметін атқарды.

    2011- 2013 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасады.

    2013 - 2019 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

    2019 жылдан бастап Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқаруда.