Ходзинский Иван Васильевич

    Аким

    Ходзинский Иван Васильевич
    Аким

    Ходзинский Иван Васильевич

    Аким

    Өмірбаян

    Ходзинский Иван Васильевич 1964 жылы 5 қыркүйекте Молдавия КСР Лазовский ауданы Лазо ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, 2007 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1982 жылдың ақпан айында Жетіқара ауданының «Прогресс» совхозының мәдениет үйінде балалар нұсқаушысы болып бастаған.

    1982 жылдың тамыз айынан – 1983 жылдың маусым айына дейін Қостанай қаласының мәдениет қызметкерлері курсының тыңдаушысы.

    1983 жылдың маусымынан – 1985 жылдың тамызына дейін Жітіқара ауданының «Прогресс» совхозының мәдениет үйінің директоры.

    1985 жылдың тамыз айынан – 1986 жылдың мамыр айына дейін Жітіқара ауданы
    «Степной» совхозының Мәдениет үйінің директоры.

    1986 жылдың мамырынан – 1987 жылдың шілдесіне дейін Жітіқара ауданы
    «Степной» совхозының айырбастау қорының технигі, арнайы жұмыс жөніндегі инженері.

    1987 жылдың шілдесінен – 1989 жылдың қарашасына дейін Жітіқара ауданы
    «Степной» совхозының алғашқы комсомол ұйымының хатшысы.

    1989 жылдың қарашасынан – 1991 жылдың ақпанына дейін Жітіқара ауданы
    «Степной» совхозының халықтық бақылау комитетінің төрағасы.

    1991 жылдың ақпанынан – 1993 жылдың қазанына дейін Жітіқара ауданының
    «Степной» совхозының шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары.

    1993 жылдың қазанынан – 1995 жылдың желтоқсанына дейін Жітіқара ауданының
    дала бөлшек сауда кәсіпорнының басқарма төрағасы.

    1995 жылдың желтоқсанынан – 2002 жылдың желтоқсанына дейін Жітіқара ауданының «Степной» ЖШС директорының сауда жөніндегі орынбасары.

    2002 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылының әкімі.