Идильбаев Жақслық Сергеевич

    Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі

    Идильбаев Жақслық Сергеевич
    Аким

    Идильбаев Жақслық Сергеевич

    Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі

    Өмірбаян

    Идильбаев Жакслык Сергеевич 1968 жылы 25 қарашада Қостанай облысы Жітіқара ауданы Волгоград ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, 1993 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1985 жылдың шілде айында Жітіқара ауданының «Волгоград» совхозында комбайнердің көмекшісі болып бастады.

    1986 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Жітіқара ауданының «Волгоград» совхозының МТМ жөндеу жұмысшысы.

    1987 жылдың шілдесінен 1989 жылдың мамырына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.

    1993 жылдың тамыз айынан 1999 жылдың маусым айына дейін
    Жітіқара ауданы «Волгоград» совхозының №4 бригадасының механигі, шебер-реттеушісі болып істеді.

    1999 жылдың маусымынан – 2002 жылдың желтоқсанына дейін Жітіқара ауданының «Волгоград» ЖШС №2 бригадасының мастер-жөндеушісі, бригадирі.

    2002 жылдың желтоқсанынан – 2006 жылдың тамызына дейін Жітіқара ауданының Волгоград орта мектебінің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы.

    2006 жылдың қыркүйегінен – 2010 жылдың тамызына дейін Жітіқара қ. «Қостанай минералдары» АҚ күзет бөлімшесінің аға инспекторы.

    2010 жылдың тамыз айынан – 2017 жылдың қаңтар айына дейін Қостанай облысы
    Жітіқара ауданы Волгоград ауылының әкімі.

    2017 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының әкімі болып істейді.