
Өмірбаян
Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы - 1986 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2004-2008 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сонымен бірге 2013-2015 жылдары «Болашақ» университетінде «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.
2008-2011 жж - «Қармақшы таңы» газеті редакциясының компьютер орталығының жетекшісі;
2011-2014 жж - Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы;
2014-2015 жж - «Туған ел келбеті» ЖШС-нің кадр жөніндегі маманы;
2015-2015 жж - «Қармақшы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесінің инженері;
2015-2017 жж - Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы;
2017-2020 жж - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы;
2020-2024 жж - ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі;
2024-2025 жж - Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы;
2025 жылдан бастап - Төретам кентінің әкімі.