
Өмірбаян
Досмұратов Алмасхан Әріпханұлы - 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді. 2008 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының заң институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген
2008-2009 ж.ж - Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы;
2009-2015 ж.ж - Байқоңыр қалалық ішкі істер департаментінде учаскелік полиция инспекторы, тергеуші;
2017-2017 ж.ж - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде статист маман;
2017-2018 ж.ж - Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бас маман;
2018-2020 ж.ж - Жосалы кенті әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2020-2024 ж.ж - Жосалы кенті әкімінің орынбасары;
2024 жылдан бастап - Жосалы кентінің әкімі.

