Нұрсейітов Талғат Мұратұлы 1989 жылы 15 желтоқсан күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.
2007-2009 жылдар аралығында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, 2009-2012 жылдар аралығында Алматы технологиялық университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Жалағаш ауданы бойынша салық басқармасында мұрағатшы болып бастаған.
2013 жылдың 10 сәуірінен бастап Жалағаш аудандық почта байланыс торабында жетекші маман экономист қызметін атқаған.
2013 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі болып қызмет ақтарған.
2022 жылдың 20 шілдесінен бастап Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып қызмет ақтарған.
2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы қызметін ақтарған.
2023 жылдың 13 қарашасынан бастап Жалағаш кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.