
Өмірбаян
Сәрсенбаев Дәулет Абайұлы туған жері Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасында 14.03.1978 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2005-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай мен Газ» кен орындарын игеру мамандығы бойынша бітіріп, «Тау-кен инженері» біліктілігі берілді.
Еңбек жолын: 1999 жылы «Абзал және Компания» ТС-нің мекемесіне өндірістік зауытына қатардағы жұмысшы болып бастап, цех бастығы, қойма меңгерушісі, директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.2012 жылы «Абзал және Компания» ТС-нен өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.
2011-2020 жылдары "Дәулет" ЖК директоры;
2016-2019 жылдары аралығында "Дәулет" ЖШС- нің директоры;
2019-2020 жылдары Бесарық ЖШС-нің директоры.
2020- 2023 жылдары Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық округі әкімі
2023 жылдан бастап Сырдария аудандық сайлау комиссиясы шешімімен Бесарық ауылдық округі әкімі.