
Өмірбаян
1988 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2006-2010 жылдары Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің информатика мамандығы бойынша оқып, 2021 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Жалағаш аудандық білім бөлімінде программист болып бастаған.
2014-2018 жылдары аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері.
2018-2022 жылдары аудандық білім бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі.
2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келді.
2026 жылдың 21 маусымында Ақсу ауылдық округінің әкімі болып сайланды.