
Өмірбаян
Шопағұлов Ермек Саимұлы 1970 жылы 27 мамырда Қостанай облысы, Урицкий ауданы, Ленинград ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1993 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын бітірген, біліктілігі тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі. Ғылыми дәрежесі, атағы жоқ. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген. Дипломатиялық дәрежесі жоқ. Әскери, арнайы атағы - қатардағы жауынгер / Матрос.
01.09.1992-10.04.1995 жылдары Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград орта мектебі, Ленинград ауылы тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
20.04.1995-15.08.2000 жылдары Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылында механизатор болып жұмыс істеді.
22.01.2001-30.12.2016 жылдары Қостанай облысының ІІД, Қостанай облысының Сарыкөл кентінде жұмыс істеді.
15.08.2017-19.11.2019 жылдары Қостанай облысы Сарыкөл кентінде "Арыстан ПК" ЖШС аға инженері болып жұмыс істеді.
20.11.2019-09.02.2020 жылдар аралығында Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылы, Урожайное ауылы әкімінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
10.02.2020-14.07.2021 жылдары Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылы, Урожайное ауылының әкімі болып жұмыс істеді.
28.07.2021 бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.