
Өмірбаян
Байқадамова Алма Жакпаровна, 1964 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, 1994 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын АӨК салаларындағы экономист ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Кеңарал совхозында бухгалтер болып бастады, одан әрі аға бухгалтер, совхозрабкооперативінің бухгалтері болып жұмыс істеді. 1988 жылдың наурызынан бастап 1998 жылдың наурызына дейін Кеңарал совхозының экономисі. 1998 жылдың наурызынан бастап 2003 жылдың наурызына дейін шаруа қожалығының бухгалтері. 2003 жылғы наурыздан бастап 2011 жылға дейін Қостанай облысы Статистика басқармасының Қосарал ауылдық округіндегі жетекші маманы. 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы қарашаға дейін «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маманы, одан әрі бас маманы. 2015 жылдың қараша айынан бастап Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.