
Өмірбаян
Бақытов Нұрболат Бақытұлы - Қазақстан Республикасының азаматы. 1981 жылы 29 тамызда Қызылорда қаласы, Киров совхозында дүниеге келген.
Еңбек өтілін 2005 жылдың 06 тамызынан бастап Каспиан Салфа ЖШС-нде оператор болып бастаған.2013 жылдың 07 желтоқсанынан бастап "Қызылорда жер-2" серіктестігінде жерге орналастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2016 жылы 06 тамызы күні "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына" жетекші маман қызметіне тағайындалған. 2023 жылы 10 шілдеде Ақсуат ауылдық округі әкімі қызметіне сайланған.