
Өмірбаян
Габдуллин Берик Даулеткереевич 1986 жылы 22 шілдеде Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін Қаржы мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2008 жылы "Арқалық қаласы бойынша Салық басқармасы"ММ салық аудиті бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады.
2008 – 2014 жылдары Қостанай облысының салық қызметі органдарында түрлі лауазымдарда болды.
2015 – 2017 жылдары "Nur Otan"партиясы Арқалық қалалық филиалының сарапшысы, кейін консультанты
2018 – 2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Новосел ауылдық округінің әкімі.
2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"ММ бас маманы.
2022 жылдың 18 қазанынан Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің әкімі.