Мұқашев Жанболат Хазиезұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округ әкімі

    Мұқашев Жанболат Хазиезұлы
    Аким

    Мұқашев Жанболат Хазиезұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округ әкімі

    Өмірбаян

    Жанболат Хазиезұлы Мұқашев 20 қаңтар 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Амангелді ауылында туған. 2007 жылы Есіл ауылшаруашылық колледжін ветеринария мамандығы бойынша аяқтаған, біліктілігі "ветеринарлық фельдшер". 2014 жылы Түмен қаласының "Северное Зауралье" Мемлекеттік аграрлық университетін" "ветеринария" мамандығы бойынша аяқтаған, "ветеринарлық дәрігер" біліктілігі иемделген.

    Жанболат Хазиезұлы Мұқашев еңбек жолын 1989 жылы Қарақоға совхозында жұмысшы ретінде бастаған. 1994-1996 жылдары ҚР ӘК қатарында өз міндетін атқарған. 2000-2006 жылдары – «Ноғайбай» ЖШС – диірмен меңгерушісі болып жұмыс істеген, 2008-2012 жылдары – ҚР АШМ агроөндірістік кешені Мемлекеттік инспекция комитеті Мағжан Жұмабаев ауданы аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық инспектор бас маманы болып тағайындалған. 2012 жылы ауыстыру тәртібінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор бас маманы болып тағайындалды. 2015 жылы ауыстыру тәртібінде жергілікті атқару органдарына тағайындалды. 2015 жылғы 25 мамырда аудан әкімінің өкімімен ауыстыру тәртібінде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы ветеринарлық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2019 жылғы 19 сәуірден Қарақоға ауылдық округі әкімінің міндеттерін уақытша атқарушысы болып тағайындалды. 2019 жылғы 26 маусымнан бастап Қарқоға ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды