
Өмірбаян
Ташимов Әлібек Қазиханұлы – 1983 жылы туған. Білімі – жоғары. Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Еуразия академиясын «селекционер-биотехнолог», «заңтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
- Тасқала аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы;
- «West Trade Company» ЖШС құрылысшысы;
- Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
- Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі;
- Тасқала ауданы Достық ауылдық округінің әкімі;
- Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылдың 14 қарашасынан бастап Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып қызмет етеді.