
Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич
Балтабай ауылдық округі әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Мен, Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич 1992 жылдың 27 мамырында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келдім.
1999 жылы Есік қаласында Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына барып, 2010 жылы аяқтадым. 2010 жылы «Халықаралық Бизнес Университеті» (UIB) «Қаржы» мамандығына түсіп, 2014 жылы бітірдім
Еңбек жолын 01.07.2015-11.08.2015 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанынан мүлікті жария ету комиссиясында жастар практикасында өткіздім.
13.08.2015-06.04.2018 жылдар аралығында Есік қаласы әкімі аппаратының спорт жөніндегі нұсқаушы жұмысын атқардым.
09.04.2018-13.07.2018 жылдар аралығында Есік қаласы әкімі аппаратының бас маман м.у.а. атқардым.
13.07.2018 – 18.09.2023 жылдар аралығында Есік қаласы әкімі аппаратының бас маман қызметін атқардым.
18.09.2023 - қазіргі күнге дейін Балтабай ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарудамын.
