
Шакирова Асия Марксовна
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1967 жылы 09 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тайнты ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит » мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1986 жылдың маусым айынан 1989 жылдың тамыз айы аралығында Ұлан ауданында Ұлан ауданы бойынша қаржы бөлімінде бас маман-экономист болып бастады.
1989 жылдың тамыз айынан 1990 жылдың шілде айы аралығында Ұлан ауданында Ұлан аудандық қаржы бөлімінде аға салық ревизор инспекторы болып қызмет атқарды.
1990 жылдың шілде айынан 1992 жылдың ақпан айы аралығында Ұлан ауданында Ұлан ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының халыққа салық салу бөлімінің аға мемлекеттік салық инспекторы болып қызмет атқарды.
1992 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының халыққа салық салу бөлімінің бас мемлекеттік салық инспекторы болып қызмет атқарды.
1992 жылдың желтоқсан айынан 1994 жылдың қазан айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Ұлан аудандық салық инспекциясында бас салық инспекторы болып қызмет атқарды.
1994 жылдың қазан айынан 1999 жылдың шілде айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Ұлан ауданы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
1999 жылдың шілде айынан 2002 жылдың мамыр айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығының орынбасары- сектор бастығы болып қызмет атқарды.
2002 жылдың мамыр айынан қазан айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің сектор бастығы болып қызмет атқарды.
2002 жылдың қазан айынан желтоқсан айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің заңды тұлғалармен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы- бас инспекторының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2002 жылдың желтоқсан айынан 2003 жылдың тамыз айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы - бас салық инспекторы болып қызмет атқарды.
2003 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың қаңтар айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында салық төлеушілермен жұмыс жүргізу секторының бас маманы - бас салық инспекторы болып қызмет атқарды.
2004 жылдың қаңтар айынан шілде айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында мемлекеттік кәсіп орындарды, мекемелерді (кіріс) пайдаға салық салу бөлімінің бас маманы - бас салық инспекторы болып қызмет атқарды.
2004 жылдың шілде айынан 2007 жылдың қаңтар айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында ұйымдастыру құқықтық жұмыс пен өндіріп алу бөлімінің бас маманы - бас салық инспекторы болып қызмет атқарды.
2007 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың ақпан айы аралығында ШҚО Ұлан ауданы бойынша салық басқармасында әкімшілік бөлімнің бастығы болып қызмет атқарды.
2008 жылдың ақпан айынан 2012 жылдың қаңтар айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Ұлан ауданы бойынша салық басқармасы ұйымдастыру құқықтық жұмыс пен өндіріп алу бөлімінің бас маманы- бас салық инспекторы болып қызмет атқарды.
2012 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың наурыз айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Ұлан ауданы бойынша салық басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
2013 жылдың сәуір айынан шілде айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Ұлан ауданы бойынша салық басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2013 жылдың шілде айынан 2014 жылдың маусым айы аралығында ШҚО Ұлан ауданында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Ұлан ауданы бойынша салық басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2014 жылдың маусым айынан қараша айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің салықтық қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
2014 жылдың қараша айынан 2015 жылдың қазан айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2015 жылдың қазан айынан 2019 жылдың мамыр айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2019 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың қазан айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың қазан айы аралығында ШҚО Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2024 жылғы 24 қазандағы өкімімен Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.




