
Тлеубеков Асхат Тлеубекұлы
Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы
Өмірбаян
Аскат Тлеубекұлы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында 1994 жылы 12 ақпанда дүниеге келген. Білімі: жоғары.
2015 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша «Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ, 2016 жылы «Нархоз университетінде» АҚ, экономика және бизнес магистр дәрежесін алған .
Жалпы еңбек өтілі — 8 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 3 жыл.
Еңбек жолын 2015 жылы «Kaspi bank» АҚ-ында менеджер болып бастаған, бұл қызметті 2018 жылға дейін атқарған.
2019–2020 жылдары «Лондон-Алматы» АҚ сақтандыру компаниясында бухгалтер-кассир, ал 2020–2022 жылдары аталған компанияда андеррайтер қызметін атқарған.
2022 жылдың қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімінде статист болып еңбек еткен.
2022–2023 жылдары осы бөлімнің бас маманы, 2023–2024 жылдары бөлім басшысының міндетін атқарушы қызметтерінде болған.
2024 -2025 жылдары Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік жоспарлау, орындалу және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі лауазымында жұмыс істеген.2025 жылдың 1 қазанынаң бастап Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

