
Өмірбаян
Аскарова Айымгуль Кадирбаевна 1973 жылы Талдықорган облысы, Аксу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1996 жылы Талдықорған қаласында орналасқан No1 дәріханада провизор-технолог қызметінен бастаған. Әр жылдары «Дэрем» ЖШС-де провизор, «Талдықорган медициналық колледжінде» мұғалім, ҚР Денсаулык сақтау министрлігі Фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық кызметін бакылау бөлімшесінде бас маман қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап Жетісу облысы Денсаулық сактау баскармасынын дәрі-дәрмекпен, медициналық құрал-жабдықтармен камтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





