
Жарасова Гүлжан Сағидуллақызы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы
Өмірбаян
1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1996–2015 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, зерттеушісі, бөлім бастығы, департамент директоры, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015–2016 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары.
2016–2019 жылдары – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, ректордың м.а.
2020 жыл – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары.
2020–2021 жылдары – Павлодар педагогикалық университетінің Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры.
2021–2022 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
2005–2007 жылдары – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ проректоры-басқарма мүшесі.
2023 жылдың қараша айынан бастап 2025 жылдың қазан айына дейін ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.


