
Өмірбаян
Абзал Сейілжанұлы Касленкин 1991 жылы 15 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген.
2010 жылы «Көкше» академиясы жанындағы колледжді экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша.
Еңбек жолын 2013 жылғы 1 ақпаннан Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Спецэнерги» ЖШС дефектоскопист көмекшісі болып бастады.
2013 жылғы 1 сәуірден 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Өзен экология» ЖШС газ талдау зертханашысы.
2014 жылғы 11 наурыздан 2014 жылғы 1 тамызға дейін Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Спецэнерги» ЖШС инженер-дефектоскописті.
2014 жылдың 1 тамызынан 2014 жылдың 26 желтоқсанына дейін «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
2015 жылғы 2 наурыздан 2015 жылғы 2 желтоқсанға дейін «Спецэнерги» ЖШС инженер-дефектоскописті, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
2016 жылғы 7 шілдеден 2017 жылғы 11 қыркүйекке дейін «СҚО Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің жетекші маманы Сергеевка қ.
2017 жылғы 17 қыркүйектен бастап 2018 жылғы 4 қарашаға дейін «СҚО Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастыру-бақылау, ақпараттық-талдау жұмысы және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы.
2018 жылғы 5 қарашадан 2019 жылғы 6 тамызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы.
2019 жылғы 7 тамыздан 2023 жылғы 28 тамызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс бойынша аудан әкімінің көмекшісі.
2023 жылғы 29 тамыздан бастап Көкалажар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.





