
Өмірбаян
Арман Қалиұлы Омаров 1990 жылы 12 наурызда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Новоселовка ауылында дүниеге келген.
2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылдың 3 тамызынан бастап «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары бөлімі» ММ шарт бойынша маман көмекшісі болып бастады.
2013 жылғы 1 ақпаннан 2013 жылғы 28 ақпанға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаменті Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы.
2013 жылғы 13 наурыздан 2013 жылғы 2 қазанға дейін – «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ маман көмекшісі.
2014 жылғы 7 сәуірден 2014 жылғы 22 қыркүйекке дейін – «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ЖОО бойынша кадрлар жөніндегі бас маман.
2014 жылғы 14 қарашадан 2019 жылғы 1 шілдеге дейін – «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әскери есепке алуды жүргізу жөніндегі бас маманы.
2019 жылғы 4 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 29 шілдеге дейін – «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері және нормативтік-құқықтық актілер бойынша бас маман.
2021 жылғы 29 шілдеден 2023 жылғы 3 сәуірге дейін – «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ абаттандыру және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бас маманы.
2023 жылғы 2 мамырдан 2023 жылғы 16 тамызға дейін – «Қазақстан Халық банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының № 252000 Целинное басқармасының операциялық – кассалық бөлімінің клиенттік менеджері.
2023 жылдың 29 тамызынан бастап - Дружба ауылдық округінің әкімі.





