
Құрамысов Данияр Жолдасханұлы
директор
Өмірбаян
Данияр Құрамысов Жолдасханұлы 1970 жылы туған, Жамбыл ауданы, Алматы облысы.
Білімі жоғары: 1985 ж. Чайковский атындағы музыкалық училище, (халық аспаптар бөлімі, баян сыныбы), Алматы қ.;
1994 ж. Алматы Мемлекеттік консерваториясы, (аспапшы-музыкант), Алматы қ.
1994-1997 жылдары Жамбыл аудандық өнер мектебінің меңгерушісі,
1997-2002 жылдары Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығында жұмыс істеді.
2002-2010 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының дыбыс жазу студиясының басшысы.
2010-2011 жж филармония ұжымының көркемдік жетекшісі,
2011-2015 жылдары Бас директордың орынбасары қызметін атқарды.
2015-2017 жылдары дыбыс жазу студиясында жұмыс істеймін.
2017 жылдың наурыз айынан бастап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры.




