
Өмірбаян
Ғәріпов Фархат Ержанұлы 1983 жылы 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сарытомар ауылында дүниеге келген.
Үш жоғары білімі бар:
2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Туризм менеджері» мамандығы бойынша;
2014 жылы «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша;
2023 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманының м. а. болып бастады.
2007–2009 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт жөніндегі бас маманы.
2009–2016 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризмді дамыту және инфрақұрылым бөлімінің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің бас маманы.
2016–2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
2018–2019 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы.
2019–2024 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, сайлау комиссиясының 2024 жылғы 4 тамызда өткен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хаттамасы негізінде Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.