
Тулебаев Жандос Досымханович
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Тулебаев Жандос Досымханович 1981 жылы 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «ветеринариялық іс» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы «Бородулиха аумақтық инспекциясы» Жезкент кенттік округінің ветеренирлық инспекторы болып бастады
2010 – 2014 «Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ-сі ветеринария бойынша бас маман лауазымында қызмет атқарды.
2014 – 2015 жылдар аралығында «Жезкент кенттік округі» ММ-сінің жүргізушісі болып қызмет атқарды.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың сәуір айы аралығында АҚ «Өскемен құс фабрикасы» ветеринарлық дәрігер, өндірістік зертхананың ветеринарлық микробиологы лауазымында жұмыс атқарды.
2019 жылдың шілде айынан 2023 жылғы 24 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің істер басқармасы» жүргізушісі болып қызмет атқарды.
Катонқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 қарашадағы өкімімен Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды.




