
Шорин Ерғали Қалжанұлы
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің жер ресурстарын басқару Комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы
Өмірбаян
1964 жылғы 3 сәуiрде Көкшетау облысы Чкалов ауданының Сүгiрбай ауылында дүниеге келді. Бiлiмi — жоғары, 1990 жылы "Тiл маманы" мамандығы бойынша Көкшетау педагогикалық институтын және 1998 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ҰҚК Қарағанды жоғарғы мектебiн бiтiрген.
Еңбек жолын 1981 жылы "Сүгiрбай" кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 1990-1993 жылдары Көкшетау машина жасау техникумының оқытушысы болып жұмыс iстеген.
1994 -2014 жылдардың аралығында Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмыстармен күрес жөнiндегi Департаментте (Қаржы полициясында) түрлi лауазымдарда қызмет еткен.
2015 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" ШЖҚ МКК-нiң құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттiк сатып алулар және келiсiмшарттар бөлiмiнiң бастығы болып iстеген.
2018 жылдан бастап, Бурабай ауданы әкiмi аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
2019 жылғы 25 ақпанынан бастап «Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.



