
Ельжасов Теміржан Раушанұлы
«Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы
Өмірбаян
Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданы Горный кентінде 1970 жылғы 13 қыркүйекте туды.
2005 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ №27 ИТК еңбекті ұйымдастыру бойынша инженер болып бастаған.
Аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметін басқару бойынша бөлімше бастығы болып қызмет атқарған.
2023 жылдан бастап «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы болып тағайындалған.