
Токбаев Мурат Рашитович
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Токбаев Мурат Рашитович 1992 жылы 24 қарашада Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. «Құқықтану» және «экономика» мамандықтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ «құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.
2014 жылдың тамызынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде жастар практикасы бойынша жұмыс істеді.
2015 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қазанға дейін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да заңгер болып жұмыс істеді.
2016 жылғы маусымнан 2016 жылғы қарашаға дейін «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де статистик-мұрағатшы.
2016 жылдың қарашасынан 2020 жылдың наурызына дейін «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы болды.
2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы мамырға дейін «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ ішкі сауда, АҚ және ТЖ бөлімінің басшысы.
2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы қаңтарға дейін «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысының орынбасары.
2024 жылдың қаңтарында «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.