
Өмірбаян
Полковник Жаңабаев Нұрлан Мақсұтұлы 1984 жылы 11 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық интститутын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
- 2006 ж. - Атырау облысы МҚ және ББ өртке қарсы және авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметін үйлестіру қызметінің аға инженері.
- 2006 – 2009 ж.ж. - Атырау облысы Өртке қарсы қызмет департаменті Махамбет ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің инженері.
- 2009 - 2012 ж.ж. - Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мақат ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы
- 2012 ж. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі.
- 2012 – 2013 ж.ж. - Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
- 2013 – 2014 ж.ж. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
- 2014 – 2017 ж.ж Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы.
- 2017 - 2021 ж.ж. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
- 2021 – 2022 ж.ж. Манғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
- 2022 - 2023 ж.ж. - Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы.
- 2023 - Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы.



