
Құдайбергенов Жеңіс Орынбасарұлы
Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Құдайбергенов Жеңіс Орынбасарұлы 23 ақпан 1978 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында туылған. 1996 – 2001 жыл аралығында «Қорқыт-ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
1996 – 2001 жыл аралығында қызылорда қалалық сотының сот хатшысы;
2001 – 2005 жыл аралығында Жаңатас қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте «Тарих және құқықтану» пәнінің мұғалімі;
2005 – 2006 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімиятының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жетекші маманы,
2006-2007 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімиятының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2008-2009 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық, ұйымдастыру бөлімшесінің бас маманы;
2009-2011 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлімше басшысы;
2011-2012 жыл аралығында Жаңатас қаласы әкімі аппаратының нұсқаушысы;
2012-2014 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі;
2014-2016 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2016-2017 жыл аралығында аудан әкімі аппаратының әдіскері, аударма жөніндегі редакторы;
2017-2019 жыл аралығында Жаңатас қаласы әкімі аппаратының өткізу режимінің инспекторы;
2019-2022 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
2022 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы.





