
Құрабаев Ернұр Жумаханович
Балқаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы
Өмірбаян
Құрабаев Ернур Жұмақанұлы, 1980 жылғы, Алматы облысы, Жамбыл ауданының тумасы, білімі жоғары. 1997-2000 ж.ж. Орта медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау Республикалық колледжін гигиенист және эпидемиолог көмекшісі, 2004-2009 ж.ж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін ветеринариялық-санитариялық дәрігері, 2019-2020 ж.ж. «Үздіксіз білім беру медициналық университеті» АҚ қоғамдық денсаулық сақтау магистрі мамандықтарын игерген.
Жалпы жұмыс өтілі 20 жылдам астам, қызметін 2000 жылы Алматы облысының Жамбыл аудандық санитариялық - эпидемиологиялық станциясында дәрігер эпидемиологтың көмекшісі болып бастаған, 2003 - 2010 жылдары Жамбыл аудандық мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің маманы, 2010 -2021 жылдары Қарасай аудандық мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы санитариялық - гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2021-2023 жылдары Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
2023 жылғы 23 қарашадан Балқаш аудандық мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.





