
Өмірбаян
Қуандықова Сымбат Бауыржанқызы 1993 жылы 18 шілдеде Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары:
2015 ж. – Астана қаласы Еуразия гуманитарлық институты, баклавриат.
2018 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, магистратура.
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті
Еңбек жолын 2015 жылдан бастады.
Еңбек жолы:
2015-2018 жж. – Астана қаласы Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының үйлестірушісі.
2018-2022 жж. – Астана қаласы №35 «Ертегі» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі.
2022-2023 жж. – Қосшы қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері, басшысы.
2023 жыл ақпан айынан бастап – Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысы.
