
Сыдықбаев Берік Ұйқасұлы
VIIІ шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Сыдықбаев Берік Ұйқасұлы, 1957 жылы 24 қарашада Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1974 жылы Алматы қаласындағы №9 мектеп интернатында оқып бітірген.
1979 жылы Алматы энергетика инстиутын бітірген.
1989 жылы Марксизм – Ленинизм университетін бітірген.
Еңбек жолы:
1979 жылы Есік электр жүйесі кәсіпорнының Нарынқол бөлімшесінде жұмысқа қабылданған. 1979-1984 жылдары Нарынқол ауылдық электр жүйесінде электромонтер, инженер, аға мастар. 1985-1991 жылдары Қазақстан компартиясы Нарынқол аудандық комитетінде лектор, нұсқаушы, бөлім меңгерушісі. 1998-2007 жылдары Райымбек электр тарату торабы мекемесінің бастығы. 2007-2020 жылдары «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС Райымбек бөлімшесінің бастығы. 2023 жылдың 1 қаңтарынан «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС Райымбек бөлімшесінің басшысы.
Марапаттары:
«Қазақстан мәслихаттарына 20, 25 жыл» мерекелік медалі, Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені Қауымдастығының медалі, Қазақстан электр энергетика қауымдастығының «Ардагер энергетик» төс белгісімен, Алматы облысы, аудан әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
«Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын алған.
Отбасылы, 3 баласы бар.





