
Ақылов Талғат Жұмақанұлы
VIII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының депутаты. №3 сайлау округі
Өмірбаян
Ақылов Талғат Жұмақанұлы 1978 жылы 10 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қаратоған ауылында дүниеге келген.
Білімі:
2000 жылы «Қазақтың мемлекеттік спорт және туризм академиясы», «Дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушысы, спорт жаттықтырушысы» мамандығы, 2012 жылы «Экономика және басқару академиясы - Еуразия нарық институты» «қаржы», мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2000-2001 жылдары Алматы қаласында, Ә.Қастеев атындағы көркем-сурет колледжінде "дене шынықтыру" пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы.
2001-2018 жылдары Алматы қаласында, Қазақтың Бас сәулет құрылыс академиясында "дене шынықтыру" пәнінің оқытушы, аға оқытушы.
2001-2018 жылдар аралығында Алматы қаласында Қазақ Бас Сәулет- Құрылыс Академиясында "Дене тәрбиесі" пәнінің оқытушы- жаттықтырушысы және "Спорт клубтың" нұсқаушысы, деканның спорт жөніндегі орынбасары болып жұмыстар атқарған.
2018 жылдың 15 қарашасынан «Райымбек ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2022 жылдың маусым айынан «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы.
01.07.2023 жылдан осы уақытқа дейін «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің филиалы «Райымбек ауданы бойынша мансап орталығының» директоры.
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы білім беру саласында шығармашыл, тәжірибелі ұзтаздық еңбегі үшін "Ұлағатты ұстаз" төсбелгісімен марапатталған.
Аудан әкімінің, спорт басқармасының және «AMANAT» партиясының төрағасының алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.
Отбасылы 5 бала тәрбиелеп отыр.





