Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

    Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы
    Посол

    Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

    Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    Туған күні мен орны: 19 мамыр, 1964 ж., Алматы облысы.

    Білімі: Қазақ политехникалық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік Экономика және қаржы университеті. Экономика ғылымындағы PhD.

    1985 жылы еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс балқыту зауытында балқытушы болып бастады.

    Өз мансабының басында Шымкент қорғасын зауытында, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, «Қарағанды металлургия комбинаты» МАҚ-да және бизнесте жұмыс істеді.

    2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасты.

    2006 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстанның Ресей Федерациясындағы және Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі және кеңесші-елшісі.

    2008-2010 жылдары-Қазақстан Республикасының Франкфурт-Майндағы Бас консулы.

    2010 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

    2014-2015 жылдары-Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

    2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

    2016 жылдан 2018 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

    2018-2019 жылдары-Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

    2019-2022 жылдары-Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

    2022 жылғы 31 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

    Дипломатиялық дәрежесі Төтенше және Өкілетті Елші.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері