
Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы
Өмірбаян
1977 жылы 16 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Мал өнімін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2020 жылы Қызылорда «Болашақ» университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы «Бозкөл» ЖШС жұмысшы болып бастады.
1995-2000 ж.ж. - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің студенті , Алматы қ.
2000-2001 ж.ж. - «Жаңабасшылық» ЖШС директордың орынбасары, Қызылорда облысы Қазалы ауданы.
2001-2003 ж.ж. - №226 Б.Мергенбаев атындағы мектеп-гимназиясының әскери жетекшісі, Қызылорда облысы Қазалы ауданы.
2003-2004 ж.ж. - Қызылорда облысының статистика басқармасының Қазалы аудандық статистика бөлімінің бас маманы, Қызылорда облысы Қазалы ауданы.
2004-2005 ж.ж. - Қызылорда облысының статистика басқармасының Жалағаш аудандық статистика бөлімінің басшысы , Қызылорда облысы Жалағаш ауданы.
2005-2007 ж.ж. - Қызылорда облысы статистика басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда қ.
2007-2008 ж.ж. - ЦБО бастығы АО «Темірбанк», Қызылорда облысы Қазалы ауданы
2009-2010 ж.ж. - "Нұр Ай" ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары,Қызылордақ.
2010-2017 ж.ж. - Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық , жолаушылыар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, Қызылорда қ.
2017 ж. қаңтар-қыркүйек - Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй бөлімінің басшысы, Қызылорда қ.
2017-2019 ж.ж. - Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары, Қызылорда қ.
2019-2020 ж.ж. - Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасының директоры, Қызылорда қ.
2020-2021 ж.ж. - Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары, Қызылорда қ.
2021-2023 ж.ж. - Арал ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Арал ауданы
2023 жылғы 28 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы.

