
Буржаев Канат Хабибуллович
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Туған жылы: 07.12.1985
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Білімі жоғары, 2007 жылы құқықтану, экономика мамандығы бойынша ҚР Қаржы полициясы академиясын, 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы инженер-гуманитарлық университетін тәмамдаған
Экономика және бизнес магистрі
2007-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) қызмет атқарған.
2014-2019 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде қызмет атқарған.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінде қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелік схемаларды анықтау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.


