
Жұмабек Әлішер Қайратбекұлы
Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1995 жылы 08 қарашада Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылында туылған. 2002 жылғы қыркүйек айында Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылындағы Алғабас орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, аталған мектепте 2007 жылғы мамыр айында 5-ші сыныбын аяқтап, 2007 – 2011 жылдар аралығында Алматы қаласы Шалтай Смағұлов атындағы мектеп – интернатынан білім алып 2015 жылы техник-бағдарламашы мамандығы бойынша білім алып аяқтап 2017-2020 жылдар аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығын алды.
2015 жылы «Жайық» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс атқарған. 2017 - 2020 жылғы «Көксу ауданы Алғабас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде компьютерлік бағдарламаның операторы болып жұмыс жасады. 2020 – 2021 жылдары «Көксу ауданы Алғабас ауылдық округ әкімінің апппараты» мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі әдіскері болып жұмыс атқарған. 2021- 2023 жылдары «Көксу ауданы Алғабас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс жасады. 2023 жылдың 31 шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





