
Өмірбаян
Социал Саят 1975 жылы 6 маусымда Шет ауданы, Ақшатау совхозы, қазіргі Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген.
«Құқықтану» біліктілігі бойынша «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақшатау совхозы Ассоциациясының көлік жүргізушісі қызметінен бастаған, 2003-2005 жылдары «Женет» шаруа қожалығының жетекшісі, 2005-2009 жылдары «Шетстрой» құрылыс компаниясы директорының орынбасары, 2010-2011 жылы «АвтоБан» құрылыс компаниясының бөлімше басшысы, 2011-2022 жылдары "ШетКоммунСервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры қызметін атқарған. 2022 жылдың 20 қазанында аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланған. 2023 жылдың 29 наурызында өткен аудандық мәслихаттың І сессиясында аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.