Қасымов Мұратбек Жұмағалиұлы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары

    Қасымов Мұратбек Жұмағалиұлы
    Заместитель руководителя

    Қасымов Мұратбек Жұмағалиұлы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    1972 жылы 24 қыркүйекте Қызылорда облысы Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген.
    1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақстан инновациялық университетінің магистратурасын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    1998-2001 жылдары-Павлодар облысы Май ауданы прокурорының көмекшісі
    2001-2002 жылдары-Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры
    2002-2008 жылдары-Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы
    2008-2010 жылдары-Павлодар облысы Павлодар қаласы прокурорының орынбасары
    2010-2011 жылдары-Павлодар облысы прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі
    2011-2016 жылдары-Павлодар облысы Қашыр ауданының прокуроры
    2016-2018 жылдары-Павлодар облысы Железин ауданының прокуроры
    2018-2022 жылдары-Павлодар облысы Павлодар ауданының прокуроры
    2022-2024 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының (превенция бойынша) бірінші орынбасары
    2024 жылғы 5 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері