Садырқұлов Ербота Ғабитұлы

    Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Садырқұлов Ербота Ғабитұлы
    Руководитель аппарата

    Садырқұлов Ербота Ғабитұлы

    Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Ербота Ғабитұлы Садырқұлов 29-шы мамыр 1990 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университін «мемлекеттік және жергілікті басқару», М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын «Алматы қаласы шаруашылық басқармасы» ЖШС-да іс жүргізуші болып бастап, 2013-2019 жылдары Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бухгалтер, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ, 2019 жылдан «Рамасан» ЖШС-нда, «Самұрық-Энерго» АҚ-да, «Ер-Ай» ШҚ-да басшылық қызметтерде еңбек еткен.

    2022 жылдан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бөлім басшысы,
    2023 жылдан Жетісу облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарған.

    2023 жылдың шілде айынан Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

    2024 жылдың 20 наурызынан бастап Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері