
Кәрімов Ернар Төлеутайұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1982 жылы 21 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бұқар жырау ауылында туған.
Екі жоғары білімі бар:
2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы: «Қазақстан тарихы», біліктілігі: «Тарихшы. Тарих пәнінің оқытушысы»;
2010 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітірген. Мамандығы: «Заңтану».
Жалпы еңбек өтілі: 16 жыл, мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының әскері қатарында әскери борышын атқарған.
Еңбек жолын 2005 жылы Баянауыл аудандық қорғаныс істері бөлімінің 3-бөлімшесі бастығының көмекшісі болып бастаған;
2006-2007 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының Баянауыл аудандық филиалының маманы;
2007-2019 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша департаменті филиалының Баянауыл аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, опреациялық зал басшысы, бөлім басшысының орынбасары;
2019 жылғы 13 мамырдан бастап 2023 жылғы 1 маусымға дейін Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Баянауыл аудандық бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Отбасы бар, 3 баланың әкесі.




