
Смагулов Аян Аскарович
"Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
Смагулов Аян Аскарович 1986 жылы 5 тамызда Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. Қазақ. 2008 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру» мамандығы, 2017 жылы Астана университеті «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Астана қаласы «Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшы-нұсқаушысы ретінде бастаған, Степногор қаласы / 2006-2008;
«Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жобаларды келісу және қала құрылысы кеңесін жүргізу бөлімінің бас маманы, басшысы, Астана қаласы / 2008-2018;
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ жобаларды келісу, қала құрылысы кеңесін жүргізу, бөлулер және сәулеттік-жоспарлау тапсырмалар бөлімінің басшысы, Астана қаласы /2018- 2020;
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ эскиздік жобаларды және сыртқы жарнаманы қарау бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы / 2020-2022;
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ реконструкциялауға рұқсат құжаттарын беру, қала құрылысы кадастры және пайдалануға берілген объектілерді, үлестік қатысу шарттарын есепке алу бөлімінің басшысы, Астана қаласы / 2022-2023;
Қазіргі уақытта «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарады, Астана қаласы /27.06.2023ж.

