
Өмірбаян
Мақсат Шамансұрұлы Исаев – 1970 жылғы 16 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандығы – экономист.
Еңбек жолын 1995 жылы Созақ ауданы жеке кәсіпорнының есепшісі болып бастаған.
1997 – 2002 жылдары Созақ ауданы әкімі аппараты аумақты дамыту және кадрлық жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы, бөлім меңгерушісі, Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2002 – 2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, Созақ ауданы әкімінің орынбасары;
2011 – 2015 жылдары «Қазатомпром-Демеу» ЖШС филиалының директоры, Созақ аудандық мәслихатының хатшысы;
2015 – 2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі;
2017 – 2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы болып қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қараша айынан бастап Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болып қызмет етіп келген.
