Бисимбаев Расул Нұрланұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Бисимбаев Расул Нұрланұлы
    Заместитель акима

    Бисимбаев Расул Нұрланұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Расул Нұрланұлы 1992 жылы туылған, ұлты қазақ. 2010 жылы А. Текенов атындағы №2 Қашыр жалпы орта білім беру мектебін бітірді. Білімі жоғары, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Торайғыров университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 2014 жылдың қыркүйегінде «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып бастады. Кейін құрылымдық бөлімшелерінің басшысы болып қызмет атқарды. 2017 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, басшы лауазымдарын атқарды. 2021 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасында бөлімді басқарды.
    2022 жылдың тамыз айынан бастап ағымдағы жылдың маусымына дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері