
Өмірбаян
Санат Есенұлы Нарымбаев 19 тамыз 1988жылы Алматы облысы Шелек ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1995 жылы Шелек ауданы Малыбай ауылындағы Малыбай орта мектебінің 1-сыныбына барып, мектепті 2006 жылы бітірдім. 2006 жылы Алматы қаласында орналасқан Д.А.Қонаев атындағы университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 2010жылы осы жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2010 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында жастар тәжрибесі бағдарламасы аясында бастады. 2010-2011 жж Алматы қаласындағы «Скиф треид»ЖШС қауіпсіздік қызметкері, 2011-2012 жж ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында орналасқан 25-34 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде әскери қызметші,2013-2014жж Алматы қаласындағы «ПТК Асыл»АҚ оператор,2014-2017 жж Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып істеді. 2017жылы кешенді аттестаттаудан лауазымдық жоғарылату алып, Бартоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалды.03.05.2023 жылдан бастап Малыбай ауылдық округінің әкімі. Мемлекеттік қызметтегі өтілім9жыл.